Кәсіподақ ұйымының 2022 жылы өз қатарларын нығайту, жалдамалы жұмысшыларының мүдесі мен құқықтарын қорғау жөніндегі айтарлықтай жұмыс атқарғанын және атқаратыны жөнінде атап айтқанымыз жөн. Агроөнеркәсіп бірлестігі еңбеккерлерінің Ақсу аудандық кәсіподағы жұмыс беруші құзырлы мекемелермен, құрылымдармен ынтымақтастықты қалыптастыру саласында айтарлықтай жұмыс жүргізіледі.
Сондықтан да,біздің міндетімізге мыналар жатады: кәсіптік бірлестіктер азаматтардың экономикалық,әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен іске асыру,белсенділігі мен өзіндік қызметін дамыту; кәсіптік және әуесқойлық мүдделерін қанағаттандыру;ғылыми, техникалық және көркем шығармашылықты дамыту,адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау,қоршаған табиғи ортаны қорғау; қайрылымдылық қызметіне қатысу; мәдени-ағартылушылық, спорттық – сауықтыру жұмысын өткізу; отаншылдық және адамгершілік тәрбие; халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мен нығайту.
Кәсіподақ ұйымының барлық отырыстары ашық тәртіпте өткізіліп, барлық сұрақтар шешімі алқалы түрде шығарылады.Әр жыл сайын ұжымдық шарттың орындалуын ұжымдық жалпы жиналысында баяндап тұрамыз.
Ұжымдық келісім бөлімдерінің орындалуын қадағалау және міндеттерді кәсіподақ мүшелеріне бөлу, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жұмыстарын тексеру сияқты жұмыстар жүргізілді.
Аудан кәсіподақ комитеті мекемелерімен ұжымдарда еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының сақталуын, еңбеккерлердің құқықтық кепілдемелерін жүзеге асырылуын қатаң бақылауға алыну жұмысын айтарлықтай күшейтті.
Сонымен қатар отбасы төмен көп балалы жанұяларға көмек көрсетілді. Баланың бүгінгі денсаулығы ертенгі өміріне көзқарасы. Өткен жылы елімізде балалар жылына орай Ерболұлы Нұртас бүлдіршінге ауыр диагноз қойылып, дерттің атауы арқа жұлын бұлшықет атрофиясымен ауырған бүлдіршінге қаржылай көмек көрсетілді.
«Мектепке жол атты» акция Жумабекқызы Інжуге мектеп құралдарымен -мектеп формасын алып бердік.
Ауданымыздың жекешаруашылық қожалары көмек қолын созып отырады.Атап айтсақ ауданымызға қойылған «Бөрібай батыр» ескерткішіне қомақты қаржы беріп үлес қосқан Тоғызбаев Айтқазы, жәнеде басқадай көмек берген Тиналиев Асқар, Абдрахманов Қанат,Квитко,Баймуханов Бауыржан шаруақожалықтарына рахметімізді айтамыз.Жуырда өткен бірінші қазан «Халықаралық қарттар күніні» аталып өті.
Республикалық ардагерлер ұйымына 35 жыл толуына байланысты,барлық ауылдық округтерден таңдап алынған «Өнерім-Өмірім» атты фестивал өтіп, кәсіподақ мүшелері атсалысты.
Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы тұрақталып, кәсіподақ ұйымының жұмысы да күн сайын жанданып келеді. Алда үлкен міндеттер, жауапты жұмыстар бар. Ол тек қана жасампаз еңбектің, ынтымақ-бірліктің арқасында ғана іске асады.
Алға қойған мақсатымызға жету үшін санамыз ісімізден көш ілгері жүруі тиіс. Бұл заман талабы.Рухани жаңғыру біздің басты мақсатымыз.Ел игілігі үшін еңбек ешқашанда ескерусіз қалмайды.Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды,жаңғыруда сол сияқты жалғаса беретін процесс.Оны игеру,жетілдіру,кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдыру бізбен сіздің парызымыз.
Қорытындылай келе,кәсіподақ мүшелерінің жұмыстарының белсенділігін арттыру және жалғастыру,мамандарды іріктеу сонымен қатар,жұмыстарға дұрыс орналастыру,білім беру мамандарының кәсіби өсуі мен рухани және қаржылы ынталандыруы туралы сұрақтарды шешуде кәсіподақ мүшелерінің қатысуы-болашақтың мақсаты болып табылады.
Бүгінгі күні кәсіподақ қызметкерінің өз өмірін жақсы жаққа өзгертуге деген сенімі мен тілегі мол.
Кәсіподақ ұйымының төрағасы Курмангалиева Б.Н.