Ағымдағы 2023 жылдың 21-23 маусым аралығында Алматы облысы Балқаш ауданы және Қонаев қаласының кәсіподақ төрағалары "Білім ғылым мекемелері кәсіпорындары және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігіне қарасты кәсіподақ төрағалары мен төрайымдарының жылдық жоспарына сәйкес, көшпелі семинары Түркістан облысы, Келес ауданы, Шымкент қаласы, Шардара қалаларының қоғамдық бірлестігінің кәсіподақ төрағалары мен тәжірибе алмасу мақсатында іс-сапар болды.
«Қонаев қаласының көпсалалы колледжі» МКҚК ғимаратында өткізілген «Әлеуметтік серіктестік – табысты еңбектің кепілі!» тақырыбындағы Алматы облысы Балқаш ауданының "Бірлік" филиалының кәсіподақ төрағасы Смағулов Сайран Сейіткемелұлының баяндамасы тыңдалды.
Көшпелі семинардың өткізілу мақсаты – "Білім ғылым мекемелері кәсіпорындары және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері кәсіптік одағының мүшелік ұйымдары арасында тәжірибе алмасу және жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестікті дамыту. Шараға Түркістан облысы, Келес ауданы, Шымкент қаласы, Шардара Қаласы, Райымбек ауданыны, Кеген ауданы, қалалық және аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалдарының төрағалары мен төрайымдары, кәсіподақ ұйымының Әлеуметтік әріптестік туралы комиссиясының Салалық Кеңес мүшелері мен Атқару комитетінің мүшелері қатысты. Сонымен қатар, "Білім ғылым кәсіпорындары және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Токқожа Естенұлы, Талдықорған қаласының білім басқармасын уақытша міндетін атқарушысы Асель Алпысбаевна және облыстық кәсіподақ төрайымдары төрағалары атаулы шараның қонағы ретінде арнайы шақырылды. Атаулы шараны "Білім ғылым мекемелері кәсіпорындары және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Токқожа Естенұлы білім саласында әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту кәсіподақтың маңызды бағыттарының бірі екеніне тоқталып, Әлеуметтік әріптестікті нығайту жолында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен бірге педагог қызметкерлердің әлеуметтік – экономикалық мәселелерінің оңтайлы шешімдерін табуда көптеген істер атқарып келеді. Осы бағытта кәсіподақ арасында Салалық келісім шарт негізінде әлеуметтік әріптестік туралы үш жақты құжатқа қол қойылып, ол әр үш жыл сайын жаңа мерзімге жасақталып, біздің әлеуметтік әріптестік негізінде Өңірлік келісімдердің жүзеге асуына негіз болып отыр» – деп алғы сөзімен бастады. Жетісу облысы Талдықорған қаласының кәсіподақтар орталығының төрайымы Құралай Жағыпарқызы және қалалық білім басқармасының міндетін уақытша атқарушысы Асель Алпысбаевна құттықтау сөз сөйлеп, Талдықорған қаласы бойынша әлеуметтік әріптестік аясында кәсіподақтармен тығыз қарым – қатынас орнатылып, кейбір мәселелерді бірлесіп шешуде оң нәтижелерге қолжеткізілгеніне және бірлесіп облыс көлемінде атқарылған бірқатар іс – шараларға тоқталды. Күн тәртібінде бекітілген регламент бойынша баяндамалар тыңдалып, тақырып аясында жұмыс берушілер мен кәсіподақ белсенділері қызу пікір алмасты.
«Білім, ғылым мекемелері мен кәсіпорындары
және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің
салалық кәсіптік одағының»
Бас маманы
Сейдалиев А.Д.