ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
КОНФЕРЕНЦИЯДА
БЕКІТІЛДІ:
Хаттама № 25 11.02.2015 ж.
«АЛМАТЫ КӘСІПОДАҚТАР ОДАҒЫ»
КӘСІПОДАҚТАРЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ
ЖАРҒЫСЫ
АЛМАТЫ қаласы
2015 жыл
1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
- «Алматы кәсіподақтар одағы» кәсіподақтарының аймақтық бірлестігі, қысқартылған атауы «АКО» мәтін бойынша әрі қарай Кәсіподақтар одағы, бұл осы Жарғыны танып білетін, кәсіподақтар мен олардың филиалдарының ерікті бірлестігі.
Кәсіподақтар одағы өз мүшелік ұйымдарының және олардың кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүделерін қорғау және ұсыну үшін құрылған.
- Кәсіподақтар одағы Алматы кәсіптік одақтарының облыстық кеңесінің құқықтық мұрагері болып саналады, 05.03.1992 жылғы мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №02; 05.10.1995 жылғы мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік №35-1907-ЗТБ; және «Алматы Кәсіподақтар одағы» Одақ түріндегі Заңды тұлғалар бірлестігі, 04.05.1999 жылғы мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік №26265-1910-ЗТБ.
- Кәсіподақтар одағы коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, әрекет етуші Азаматтық кодексіне, «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Кәсіптік одақтар туралы» заңдарына және осы Жарғыға сәйкес жүргізеді.
- Кәсіподақтар одағы өз балансы, оның ішінде жеке мүлігі, банк мекемелерінде есеп және басқа да шоттары, оның ішінде валюталық шоты, өз атауы және басқа да деректемелері көрсетілген мөрі мен мөртабаны бар заңды тұлға, коммерциялық емес ұйым болып саналады, сотта, арбитражда және третей сотында арыз беруші және жауап беруші ретінде қатыса алады.
- Кәсіподақтар одағы филиалдар мен өкілдіктерді, қорларды ашып, олардың қызмет ету тәртібін анықтауға, сенімхат негізінде әрекет ететін төрағаларын тағайындауға құқылы.
- Кәсіподақтар одағы осы Жарғыда қарастырылған мақсаттарға жету үшін дара түрде немесе онымен құрған ұйымдары арқылы кәсіпкерлік, шаруашылық және басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруы мүмкін.
- Кәсіподақтар одағының басқарушы органының орналасқан мекен-жайы – Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Құрманғазы көшесі, 48 «А» үй.
Кәсіподақтар одағының ресми атауы:
мемлекеттік тілде «Алматы Кәсіподақтар одағы» Кәсіподақтарының аймақтық одағы,
орыс тілінде: Территориальное объединение профсоюзов «Алматинский союз профсоюзов».
- Кәсіподақтар одағы жарғылық мақсаттарға және тапсырмаларға сәйкес тікелей халықаралық байланыстарды және қарым-қатынастарды, сәйкес мәмілелерді бекітуі, халықаралық қоғамдық бірлестіктеріне ұжымдық мүшесі ретінде құрамына енуі мүмкін.
- «Алматы Кәсіподақтар одағы» кәсіподақтарының аймақтық одағы Кәсіподақтардың республикалық бірлестігінің құрамына мүшелік «Қазақстанның Еңбек Конфедерациясы» қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалар бірестігі» ұйым ретінде кіреді.
- ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН НЫСАНЫ
- Кәсіподақтар одағының негізгі мақсаттары болып саналатындар:
1) мүшелік ұйымдарының біріккен және үйлесімді қызметі;
2) өз мүшелерінің кәсіптік, еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделірін қорғау мақсатында кәсіподақтар мен олардың бірлестіктерінің бірігу және даму қызметін қалыптастыруға ықпал ету;
3) мүшелік ұйымдарының өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік-қорғаныс функцияларын күшейту;
4) сотта, мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарында мемлекеттік органдармен, жұмыс берушілермен және олардың бірлестіктерімен, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен (ассоциацияларымен, одақтарымен) өзара қарым-қатынастарында кәсіподақтардың мүдделерін ұсыну және қорғау.
- Кәсіподақтар одағы қызметінің нысаны болып табылатындар:
1) мемлекеттік органдармен және жұмыс берушілердің бірлестіктерімен өзара қарым-қатынастарында әріптестік серіктестік қағидаттарын жүзеге асыру;
2) әлеуметтік серіктестік бойынша аймақтық үштарапты комиссияның жұмысына қатысу;
3) мүшелік ұйымдардың мүдделерін, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын және мүдделерін қозғайтын нормативті құқықтық актілерді дайындауға және талқыға салуға қатысу, олар бойынша сәйкес мемлекетттік органдарына ұсыныстарды енгізу;
4) еңбек заңнамаларын сақтауда қоғамдық бақылауды жүзеге асыру және қолайлы еңбек шарттарын қалыптастыру;
5) ұжымдық және жеке-дара еңбек дауларын шешуге қатысу;
6) кәсіподақ көшбасшыларын және кәсіподақ белсенділерін оқытуды ұйымдастыру;
7) ақпараттық-насихаттау қызметін жүзеге асыру.
- КӘСІПОДАҚТАР ОДАҒЫНА МҮШЕЛІК
- Кәсіподақтар одағының мүшелігіне қызметі Кәсіподақтар одағының жарғылық мақсаттарына және Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына қайшы келмейтін заңды тұлғалар, кәсіптік одақтар және олардың бірлестіктері кіре алады.
- Заңды тұлғалар Кәсіподақтар одағының мүшелік құқықтарын Кәсіподақтар одағының Кеңесімен Кәсіподақтар одағына кіру туралы шешімді қабылдаған сәттен бастап және мүшелік жарналарды төлегеннен соң алады. Кәсіподақтар одағының барлық мүшелік ұйымдарының теңдей құқықтары мен міндеттемелері болады. Жаңа енген ұйымдардың құрылтайшылық келісім-шарттарға қол қойған мүшелік ұйымдар сияқты теңдей құқықтары болады.
- Кәсіподақтар одағынан шығу заңды тұлғаның Кәсіподақтар одағы Кеңесінің атына жазбаша арызының негізінде жүзеге асырылады.
- Кәсіподақтар одағының мүшесін қабылдау және құрамынан шығару Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сәйкес және Кәсіподақтар одағы Кеңесінің шешімімен жүзеге асырылады.
- Кәсіподақтар одағының құрамына ену үшін келесідей құжаттар ұсынылады:
1) заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның өкілетті органының Кәсіподақтар одағының құрамына ену туралы жазбаша үндеуі;
2) Кәсіподақтар одағының құрамына ену туралы заңды тұлғаның атқарушы органының шешімі;
3) Заңды тұлғаның мемелекеттік тіркеу туралы куәлігінің және Жарғысының көшірмелері, бірінші төрағасын сайлау жөніндегі хаттаманың үзінді көшірмесі.
- Кәсіподақтар одағы мүшелерінің құқықтары:
1) Кәсіподақтар одағының қызметін басқаруына қатысу;
2) Кәсіподақтар одағының қызметіне жататын сұрақтары бойынша ұсыныстарды енгізуге;
3) әлеуметтік кепілдемелердің, кәсіптік, еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтардың және кәсіптік одақтар мүшелерінің, Кәсіподақтар одағының мүшелік ұйымдары мүдделерінің деңгейін арттыруға бағытталған ынтымақтастық әрекеттерін жүргізуге;
4) аймақтық келісімдерді дайындау және қабылдаған кезде, сонымен қатар аймақтық келісімдерге өзгерістер мен толықтыруларды енгізген кезде ұсыныстарды енгізуге және оған қатысуға;
5) Кәсіподақтар одағының қызметін жеңілдік негізінде пайдалануға;
6) қаржы жылы аяқталғаннан соң Кәсіподақтар одағының құрамынан өз қалауы бойынша шығуына.
- Кәсіподақтар одағының мүшелерінің міндеттері:
1) осы Жарғыны сақтауға, жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшін Кәсіподақтар одағының жұмысына қатысуына, Кәсіподақтар одағы мүшелерінің құқықтарын және мүдделерін қорғауда ынтымақтастықты білдіруге;
2) көлемі Кәсіподақтар одағы Кеңесінің шешімімен анықталатын мүшелік жарналарды төлеуге;
3) Жарғыларға қарама-қайшы келмейтін, Кәсіподақтар одағының басқару органының шешімдерін орындауға.
- Кәсіподақтар одағының мүшесі Кәсіподақтар одағының құрамынан Кеңестің шешімі бойынша келесі жағдайларда шығарылады:
1) Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамаларын бұзғанда;
2) Жарғыны бұзғанда;
3) жарналарды төлемегенде;
4) егер оның қызметі Кәсіподақтар одағының беделіне дат немесе зиянын тигізетін болса.
Кәсіподақтар одағының құрамынан шығарылған мүшесінің жауапкершілігіне Кәсіподақтар одағының құрамынан шығуына жататын қағидалар қолданылады.
- Кәсіподақтар одағы мүшелерінің олардың Кәсіподақтар одағына берген мүлігіне, оның ішінде мүшелік жарналарына құқығы болмайды.
- Кәсіподақтар одағы өз мүшелік ұйымдарының міндеттемелері бойынша жауапты емес. Мүшелік ұйымдар Кәсіподақтар одағының міндеттемелері бойынша жауапты емес.
- ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
- Кәсіподақтар одағының басқарушы органдарына жататындар:
1) Одақ мүшелерінің Конференциясы – басқарудың жоғарғы органы;
2) Кеңес – конференциялар арасындағы үзілістеріндегі басқарушы орган;
3) Атқарушы комитет, Төраға – атқарушы орган;
4) Тексеру комиссиясы - бақылаушы орган.
- Кәсіподақтар одағының жоғарғы органы Конференция болып саналады, ол 5 жылда бір реттен артық емес рет өткізілетді. Конференцияға өкілеттіктің нормасы және делегаттарды сайлау тәртібі Кеңеспен айқындалады.
Кезектен тыс Конференция Кеңес мүшелерінің 1/3 кем емес бөлігінің талабы бойынша, сонымен қатар Кеңестің шешімі бойынша шақырылуы мүмкін.
Конференция заңды болып саналады, егер оның жұмысына сайланған делегаттардың 2/3 кем емес бөлігі қатысып отырған болса. Конференцияда шешім, дауыстың көпшілігімен қабылданады, осы Жарғыға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу, Кәсіподақтар одағын қайта құру және жою сұрақтары бойынша шешім қатысып отырған дауыстың 2/3 кем емес бөлігімен шығарылады.
- Конференцияны шақыру туралы, өткізілетін күн тәртібін және уақытын Төраға мүшелік ұйымдарды, оны шақырудың алдында 10 күннен кешікпей ескертеді.
- Конференцияның ерекше құзіретіне жататындар:
1) Кәсіподақтар одағының Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу және қабылдау;
2) Кәсіподақтар одағын ерікті түрде қайта құру және жою;
3) Кәсіподақтар одағы органдарының құзіретін қалыптастыру және тоқтату тәртібін, ұйымдастырушылық құрылымын айқындау;
4) Кеңес құрамына тікелей құқық беру қағидаты бойынша сайлау кезінде Кәсіподақтар одағының мүшелік ұйымдарының шешімдерін бекіту немесе Кеңес мүшелерін сайлау. Құрамына жаңа мүшелік ұйымды қабылдаған жағдайларда, оның атынан Кеңестің құрамына ары қарай оны Конференцияда бекіту арқылы өкілі жіберіледі.
5) Кәсіподақтар одағы қызметінің маңызды бағыттарын анықтау, оның мүлігін қалыптастыру және пайдалану ережелері;
6) Кәсіподақтар одағы қызметінің бағдарламаларын және жобаларын бекіту;
7) Кәсіподақтар одағы Төрағасын сайлау және оның кезектен тыс құзіретін тоқтату, Кәсіподақтар одағы Төрағасымен еңбек келісім-шартын бекіту;
8) тексеру комиссиясын сайлау және тексеру комиссиясының есептемелерін бекіту;
9) Кәсіподақтар одағының қызметімен байланысты басқа да сұрақтарды қарастыру.
- Конференциялар арасындағы үзілістерде Кәсіподақтар одағының басқарушы органы Кеңес болып саналады.
Кеңес Кәсіподақтар одағының мүшелерінен тікелей өкілеттілік қағидаты бойынша Конференцияда мерзімі бес жылға сайланады.
Кәсіподақтар одағының төрағасы лауазымы бойынша Кеңестің мүшесі болып табылады.
Кеңестің отырысы, үш айда бір реттен артық болмайтын, қажеттілік туындаған кезде өткізіледі. Кеңестің отырысы Кеңес мүшелерінің 1/3 бөлігінен кем болмайтын бөлігінің талабы бойынша шақыртылуы мүмкін. Кеңестің отырысы заңды болып саналады, егер оған Кеңес мүшелерінің 2/3 кем болмайтын бөлігі қатысатын болса.
Кеңестің қаулылары хаттамалармен бекітіледі.
- Кеңестің құзіретіне жататындар:
1) Кәсіподақтар одағының және оның мүшелік ұйымдарының тәжірибелік қызметін үйлестіру;
2) орнатылған заңнамалық актілердің шегінде басқа заңды тұлғаларды, сондай-ақ филиалдарын және өкілдіктерін құру немесе қызметіне қатысу жөніндегі шешімдерді қабылдау;
3) Кәсіподақтар одағының жылдық бюджетінің атқарылуын және келесі жылға бюджетті бекіту;
4) Кәсіподақтар одағы Төрағасының атқарылған жұмысы жөніндегі жылдық есептемесін бекіту;
5) бюджеттердің пайдалануына бақылауды қамтамасыз ету;
6) қаржылық есеп-қисапты ұсынудың тәртібін және мерзімін анықтау;
7) мүшелік жарналарды төлеудің көлемін және тәртібін анықтау;
8) аймақтық келісімдерді бекіткенде және жоспарларды дайындауда қатысу үшін өкілдерді бекіту;
9) аймақтық келісімдердің шарттарын орындаумен байланысты сұрақтарды қарау және талқыға салу, сонымен қатар аймақтық келісімдер жоспарларына ұсыныстарды жинау тәртібін анықтау;
10) келісімдерді және келісім-шарттарды бекіту, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
11) Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына қарама-қайшы келмейтін митингтерді, шерулерді және басқа да акцияларды өткізу сұрақтарын шешу;
12) Кәсіподақтар одағының құрамына жаңа ұйымдарды қабылдау;
13) Кәсіподақтар одағының қызметі және құрылымы жөніндегі сұрақтарды анықтау;
14) бағдарламаларды дайындау және кәсіподақ кадрларын және белсенділерін оқытуды ұйымдастыру;
15) мемлекеттік органдармен, заңды және жеке тұлғалармен өзара қарым-қатынас сұрақтарын шешу;
16) Кеңестің комиссияларын қалыптастыру, олардың тапсырмалары мен өкілеттілік аясын айқындау;
17) Кәсіподақтар одағының мүшелік ұйымдарының арасындағы дауларды қарастыру;
18) ішкі қызметін реттейтін жағдайларды және басқа да нормативті құжаттарды дайындау және бекіту;
19) Конференция шақырылымының сұрақтарын шешу.
- Атқарушы комитет атқарушы орган болып саналады, Кеңестің отырысында жеті адамнан кем болмайтын көлемде, мерзімі бес жылға сайланады. Кәсіподақтар одағының Төрағасы және оның орынбасарлары лауазымы бойынша Атқарушы комитеттің мүшелері болып саналады.
Атқарушы комитет Кәсіподақтар одағы қызметінің ағымдағы сұрақтарын шешеді:
1) Кеңес шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
2) Кәсіподақтар одағы қызметінің бағдарламаларын және жоспарларын даярлайды;
3) сметаларға және келісім-шарттарға сәйкес Кәсіподақтар одағының бюджеттерін және басқа да қаражаттарын пайдаланудың және шығындаудың ағымдағы сұрақтарын шешеді;
4) аппарат құрылымының сұрақтарын шешеді, бас мамандармен еңбек келісім-шарттарын жасасады және тоқтатады, штатты кестені бекітеді;
5) қоғаммен байланысты ұстап тұрады, ақпараттық қызметпен айналысады;
6) басқа да кәсіподақтармен және олардың бірлестіктерімен байланыста болады.
- Кәсіподақтар одағының Төрағасы Конференцияда мерзімі 5 жылға сайланады. Кәсіподақтар одағының төрағасы лауазымына үміткер қандай да болмасын бір мүшелік ұйымның, онда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар кәсіподақ мүшесі бола алады.
- Кәсіподақтар одағының Төрағасы конференцияның делегаты, лауазымы бойынша Кеңестің және Атқарушы комитеттің төрағасы болып саналады.
- Кәсіподақтар одағы Төрағасының құзіретіне жататындар:
1) жарғылық тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) өкілетті және атқарушы билік органдарында, жұмыс берушілердің бірлестіктерінде, қоғамдық бірлестіктерде және басқа да ұйымдарда Кәсіподақтар одағын ұсыну;
3) бекітілген жоспарлар мен бағдарламалар шеңберінде Кәсіподақтар одағының ағымдағы қызметіне басшылық және Конференциямен Кеңесте қабылданған шешімдердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
4) банктерде есеп және басқа да шоттарды ашу, Жарғымен айқындалған шеңберде мүлікті және ақшаларды пайдалану;
5) жалданбалы қызметкерлермен еңбек келісім-шарттарын жасасу және тоқтату, лауазым нұсқауларын бекіту;
6) Кәсіподақтар одағы атынан азаматтық құқықтық келісім-шарттарын жасасу және тоқтату;
7) Кәсіподақтар одағының құжаттарында бірінші қолтаңба қою құқығы;
8) Кәсіподақтар одағының қызметіне байланысты бұйрықтарды және қаулыларды шығару;
9) Кеңестің және Атқарушы комитеттің жұмысын ұйымдастыру, Кеңестің және Атқарушы комитеттің отырыстарын шақыру және олардың отырыстарында төрағалық ету, отырыстардың хаттамаларына қолтаңба қою;
10) Кеңестің отырысында атқарылған жұмыс жөнінде жыл сайынғы есеп беру;
11) мүшелік ұйымдары жетекшілерінің қызметін үйлестіру;
12) Кәсіподақтар одағымен құрылған, ұйымдардың, қорлардың және басқа да құрылымдардың жұмысына бақылауды жүзеге асыру;
13) басқа да кәсіподақтармен және олардың бірлестіктерімен, мемлекеттік органдармен және жұмыс берушілердің бірлестіктерімен өзара қырым-қатынасты қамтамасыз ету;
14) Кәсіподақтар одағының ақпараттық-насихаттау қызметін қамтамасыз ету;
15) Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңдарына және осы Жарғыға қарама-қайшы келмейтін, басқа да өкілетті қызметті жүзеге асыру.
Кәсіподақтар одағының Төрағасы болмаған жағдайда, Төрағаның бөлек құзіреті бұйрықпен төрағаның орынбасарына жүктелуі мүмкін.
Кәсіподақтар одағы Төрағасының мерзімнен бұрын құзіретінің тоқтатылуы, Кеңестің бастамасымен немесе Төрағаның жеке арызы бойынша жүргізіледі.
- Кәсіподақтар одағының Тексеру комиссиясы Конференцияда құрамы 3 адам болып мерзімі 5 жылға сайланады және Кәсіподақтар одағы атқарушы органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
- Тексеру комиссиясының мүшелігіне Төраға, Атқару комитетінің және Кеңестің мүшелері кіре алмайды.
- Тексеру комиссиясы қандай да болмасын уақытта Одақтың атқарушы органдарының және идаралық бағыныстағы ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің тексерісін жүргізуге құқылы. Тексеру комиссиясы осы мақсат үшін Кәсіподақтар одағының және жоғарыда аталған ұйымдардың барлық құжаттарына қол жеткізу құқығына ие.
- Кәсіподақтар одағының Кеңесімен немесе Конференциясымен Одақтың жылдық қаржы есептемесін бекітудің алдында, Тексеру комиссиясы міндетті тәртіпте оның тексерісін жүргізеді.
- Тексеру комиссиясы әдеттегідей қоғамдық бастамаларда қызмет етеді. Тексеру комиссиясының қызметімен байланысты, тексеруді жүргізгенде туындайтын барлық шығындар, Кәсіподақтар одағының қаражаттары есебінен төленеді.
- КӘСІПОДАҚТАР ОДАҒЫНЫҢ МҮЛІГІ
- Кәсіподақтар одағының жеке мүлік құқығында дара мүлігі бар, оның ішінде ғимараттар, құрылымдар, жабдықтар, көлік құралдары, ақша қаражаттары, акциялар, басқа да бағалы қағаздар және басқа да мүлік. Тек қана Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынуы мүмкін оған тиеслі мүлік аясында, өз міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.
- Кәсіподақтар одағы өз мүлігіне иелік етуді, пайдалануды және басқаруды Кәсіподақтар одағының Конференциясымен және орнатылған әрекет етуші заңдардың шеңберінде жүзеге асырады.
- Кәсіподақтар одағының мүшелерінде Кәсіподақтар одағының құрамына кіретін жеке нысандарға, оның ішінде салым ретінде берген нысандарды қосқанда, дара құқықтары болмайды. Кәсіподақтар одағының құрамынан шығу, Кәсіподақтар одағынан шығарылып отырған мүшесіне төлеген жарналарын қайтару құқығын бермейді.
- Кәсіподақтар одағы өз атынан мәмілелерді бекітуі мүмкін, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды алып, олар бойынша міндетті болуы мүмкін, сот және басқа да органдарда арыз беруші немесе жауап беруші ретінде қатысуы мүмкін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қарсы келмейтін басқа да әрекеттерді жүзеге асыруы мүмкін.
- Кәсіподақтар одағының ақша қаражаттары, келісім-шарттарға сәйкес мақсатты мүшелік жарналардың, мүшелік ұйымдардың жарналары, сонымен қатар өнідірістік-шаруашылық және заңмен тыйым салынбаған басқа да қызмет, кәсіпорындардың, ұйымдардың және жеке тұлғалардың ерікті жарналар қызмет табыстары, Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңдарымен тыйым салынбаған қайырымдылық және басқа да түсімдердің есебінен қалыптасады.
- Мүшелік ұйымдар ай сайын Кәсіподақтар одағына Кеңестің орнатылған мөлшердегі мүшелік жарналарды аударады.
- Кәсіподақтар одағы Кеңестің отырысында ақша кірістері мен шығындары туралы жыл қорытындысы бойынша есеп береді.
- Кәсіподақтар одағы мүшелік ұйымдарының міндеттемелері бойынша мүліктік жауапкершілікте болмайды. Мүшелік ұйымдар Кәсіподақтар одағының міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды.
- Кәсіподақтар одағы Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған негізде басқа шаруашылық субъектілерінің мүшесі, құрылтайшысы болуы мүмкін. Филиалдың немесе өкілдіктің қызметіне басшылықты Кеңеспен тағайындалатын тұлғалар жүзеге асырады.
- ЖАРҒЫҒА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРДЫ ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
- Жарғыға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу бойынша ұсынысты енгізу құқығы мүшелік ұйымдарға, Төрағаға, Атқарушы комитетке және Кәсіподақтар одағының Кеңесіне ұсынылады.
- Осы Жарғыға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы сұрақ Кеңестің өз бастамасымен немесе мүшелік ұйымдардың 1/3 кем емес бөлігінің талабы бойынша Конференцияға енгізіледі.
- Осы Жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, орнатылған Заңды тәртіпте Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркеледі.
- ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ЖОЮ
- Кәсіподақтар одағы соттың шешімімен немесе Конференцияның шешімімен жойылуы мүмкін. Кәсіподақтар одағын жою, заңмен орнатылған тәртіпте тіркеледі.
- Кәсіподақтар одағын қайта құру, әрекет етуші заңдармен айқындалатын ережелерді сақтай отырып, Конференциямен орнатылған негізде жүзеге асырылады. Кәсіподақтар одағын қайта құрған кезде, оның құқытары мен міндеттемелері құқықтық мұрагерлеріне өтеді.
«Алматы кәсіподақтар одағы»кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінің
Төрайымы Каратаев К.К.